Алматыда хостел өртеніп, 13 адам ажал құшқан оқиға: үкім өзгерді

Алматыда хостел өртеніп, 13 адам ажал құшқан оқиға: үкім өзгерді
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

2023 жылы Алматыда хостел өртеніп, 13 адам ажал құшты. Осы іс бойынша судьялар алқасы айыпталушылардың үкімін күшінде қалдырды, бірақ өрт дабылын орнатушыны жәбірленушілерге өтемақы төлеу міндетінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

2023 жылы 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шықты. Оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл іс бойынша айыпталушылар - хостелдің иесі Әділбек Мұхамедияров және өрт дабылын орнатуға жауапты жеке кәсіпкер Александр Пекельник. 

Бұған дейін сот мынадай үкім шығарды: 

  • Мұхамедияров ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Пекельник ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Апелляция шешімі

7 қарашада Алматы сотының апелляциялық алқасы үкімге тек бір өзгеріс енгізді. Пекельниктен екі жәбірленушіге моральдық зиян ретінде әрқайсына 7 миллион теңгеден өндіру туралы тармақтың күші жойылды.

Бірақ Мұхамедияров пен Пекельникті бас бостандығынан айыру мерзімі сол күйінде қалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget