Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 11 қаңтардан бастап ашық. Бұл жайлы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Алматы қаласындағы ХҚКО жұмысын бастады. Тек көші-қон қызметі, төлқұжат пен куәлік рәсімдеу қызметтері жұмыс істемейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген ақпаратта.
Бірақ Алматы қаласындағы Арнайы ХҚКО жұмыс істемейді. Өйткені әкімшілік полиция қызметі қазір басқа міндеттерге жұмылдырылған.
Сондай-ақ, Алматы облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмыс істеп тұрған жоқ.