Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов жариялады.
"Жамбыл облысының полицейлері ұсталған адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша іс жүргізу бастаған. Ұсталған ер адамның бірнеше ай бойы Алматы қаласының аумағында құқық қорғау органдарынан жасырынғаны анықталды", - делінген жазбада.
Қазіргі уақытта ол Қарасай ауданы ПБ УҰИ-на қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!