- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда үй алып, грантқа түсіремін деп уәде берген әйел ұсталды
Алматыда грантқа түсіремін деп уәде берген алаяқ ұсталды
Алматыда алаяқтық әрекеттерді жасады деп күдікке ілінген 41 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында 10 жәбірленуші полицияға арызданған. Жәбірленушілердің мәліметінше, әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмек көрсетемін деп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсуге жәрдемдесемін деп уәде берген.
Оның қызметінің құны жүздеген мың теңгеге бағаланған. Алайда күдікті уәдесін орындамаған. Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергелуде.
Қазіргі таңда тергеу ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы барын анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина