Алматыда ғимарат өртеніп, қою түтін тарады - видео

Алматының Алмалы ауданында алапат өрт шықты. Брусиловский көшесіндегі екі қабатты ғимарат отқа оранды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі бар.

"Өртті сөндіруге дереу кірістік. Оқиға орнына қосымша күш пен техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстарына басшылық жасайтын жедел штаб құрылды", – деп хабарлады департамент.

ТЖД өкілдері жағдай өртсөндірушілердің бақылауында екенін мәлімдеді. Қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға куәгерлері өрт орнынан түсірілген бейнежазбаларды редакцияның WhatsApp нөміріне нөміріне жолдаған.

Материал 2026 жылғы 15 қарашада сағат 09:38-де жаңартылды.

Төтенше жағдайлар департаменті сағат 09:37-де өрттің таралуы тоқтатылғанын хабарлады.

"Қазір өртті толық сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – деп мәлімдеді департамент.

Бұған дейін Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің аумағында өрт шыққан еді. Куәгерлер AFD Plaza тұрғын үй кешені маңынан қою қара түтін көтерілгенін видеоға түсіріп алған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!