Желіде "Fitness Blitz" фитнес-клубының жаттықтырушысы 19 шілдеге қараған түні атып кетті деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция бұл ақпаратты растады.
"Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм танысымен жанжалдасып қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!