Алматыда есірткіні жарнамалап жүрген адам ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының полицейлері 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бөгенбай батыр мен Чокин көшелерінің қиылысында ер адам ғимараттың қасбеттеріне есірткі жарнамасын салған.
"Кешке қарай қаскөй есірткі жазуы бар трафаретпен және басқа да көркем құрал-жабдықтармен қаруланып, үйлердің ауласына қарай бет алды. Оның қасында серігі болды. Осылайша, жастар өздеріне назар аудартпаймыз деп ойлады. Алайда олар ұсталды. Қыздың рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Күдікті қамауға алынды. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.
Күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған.
Қазіргі уақытта оның жұмыс берушілері анықталып, жедел шаралар қолданылып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!