Алматыда есірткіні балаларға арналған тағамның қорабына салып тасымалдағандар ұсталды, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
Басылым мәліметінше, 2022 жылдың тамызында "Жетісу" кеден бекетінде халықаралық пошта жөнелтілімдері учаскесінде есірткі заттарына күмәнді сәлемдеме ұсталды. Сәлемдеме Одессадан Алматыға бағытталған.
Оның ішінде 200 MDMA таблеткалары мен 5 грамм ұнтақ мөлшеріндегі есірткі "Экстази" мен "Кокаин" екені анықталды, олар балалар тамағының ішінде жасырылған.
"Қаскүнемдер есірткі жеткізудің түрлі әдісін қолданып жүр. Тұрмыстық техникада, ойыншықтарда, балалар тамағына арналған ыдыстарда және басқа да заттарда тасымалдауға тырысады.
Тек 2022 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Алматы қаласының Әуе көлігі прокуратурасының үйлестіруімен есірткі заттарын жеткізудің 23 әрекетінің жолын кесті", - делінген хабарламада.