- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда есірткі сатқан...
Алматыда есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Алматыда есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, Алматы полициясының қызметкерлері қалалық прокуратураның бастамасымен "Есірткі қылмысына қарсы күрес" жобасы аясында және ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, ҚР ҚМА қызметкерлерінің көмегімен былтыр мамырда тұрақты есірткі желісін жойған болатын. Сол кезде марихуананы жеткізу мен сатуды бес адам ұйымдастырған: бірге тұратын жұп, олардың досы, жасырын қойып кетуші және курьер. Жедел тергеу шаралары барысында анықталғандай, жұп қылмыстық процеске жетекшілік еткен.
Олар ұйымдастырушы және үйлестіруші рөлдерін атқарды. "Тауарды" жасырын қоюшылардың міндеттері екі дос арасында бөлінген. Ал курьер болып топ мүшелерінің біреуі жүрді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек