Алматыда есірткі қойып кетуші ұсталды

Алматыда есірткі жасырып жүрген тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Медеу ауданының учаскелік инспекторы 18 жастағы жасөспірімді бау-бақша қоғамдастығының бірінің аумағында ұстады.

Ол онда есірткі бетбелгілерін қойып жүрген. Аудан прокуратурасының үйлестіруімен тергеу шаралары жүргізілді.

Күдіктінің жеке басын тінту барысында сатуға дайындалған есірткі заттары салынған 25 қаптама табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат қылмыстық әрекетін мойындады. Ол қамауға алынды.

Сонымен қатар Алматы қаласы полиция департаменті синтетикалық есірткіні контактісіз, интернет арқылы, электронды төлемдерді пайдалана отырып тарату үрдісі өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын атап өтті. Биыл Алматыда 74 есірткі бетбелгісін қоюшы ұсталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!