- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі жарнамасы
Алматыда есірткі жарнамасымен айналысқан 22 жастағы жігіт қолға түсті
Алматыда есірткі жарнамасымен айналысқан 22 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының 22 жастағы тұрғыны шетелге көшу мүмкіндігі бар, жақсы жалақы алатын жұмысқа орналасу ұсынысын қабылдаған. Жас жігіт жұмыс берушінің барлық талабын мүлтіксіз орындауға кірісті. Онымен тек интернет арқылы байланысқан.
Жас жігіттің "қызметтік міндеттеріне" есірткі жарнамалау және насихаттау кірген: ол қала көшелеріне қылмыстық сайттардың кодтары бар плакаттар іліп, ғимараттардың қасбеттеріне жазулар жазған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің барлық жұмыс құралдары тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталып, іс материалдары сотқа жолданады", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан