• 499.31
  • 490.7
  • 5.62

Алматыда есірткі жарнамалаудың жаңа тәсілі анықталды

Алматыда есірткі жарнамалаудың жаңа тәсілі анықталды
Фото: polisia.kz

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 28 жастағы азамат шағын несие алуға арналған жапсырмалар таратумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда QR-кодты сканерлеген кезде қолданушылар несие беру сервисіне емес, есірткі сатумен айналысатын интернет-ресурсқа кіріп кеткен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы (Есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың жарнамасы немесе заңсыз насихаты) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жария етілмеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес