Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті әр айдың бірінші бейсенбі күні сағат 12.55-те қала бойынша байланыс және хабар таратудың техникалық дайындығын тексереді.
Кезекті дабыл 5-мамырда сағат 12.55- те қосылады. 2 минуттық ескерту қаланың тұрғындарына қандай да бір төтенше жағдайда хабарландыру жүйесін тексеруді мақсат етеді. Сондай-ақ, барлық теле-радио арналары арнайы қағылған дабылға байланысты бірмезетте «Бәріңе, бәріңе!» деген хабар тарататын болады.
Атаулы күн мерекелік датаға түскен сәтте дабыл келесі бейсенбіге қалдырылады.