Алматыда ескі көліктердің қозғалысы шектелуі мүмкін. Мұндай ұсыныс қаладағы ауа сапасын жақсарту мәселесіне арналған қоғамдық кеңес отырысында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы зерттеу деректері бойынша Алматыдағы ауаны негізгі ластаушы көз - көліктер, оның үлесі жалпы шығарындылардың 60 пайызы болады. Жылына шығатын 189 мың тонна ластаушы заттардың 112 мың тоннасы көліктердің, 52 мың тоннасы өнеркәсіптің, ал қалған бөлігі жеке үйлер мен шағын бизнестің үлесіне келеді.
Almaty Air Initiative қорының жобалар менеджері Равкат Мұхтаровтың айтуынша, Алматыдағы ластаушы заттардың деңгейі рұқсат етілген нормадан орта есеппен 4,8 есеге жоғары.
Көлік инфрақұрылымы жөніндегі сарапшы Елена Ерзакович қоғамдық көлікті дамыту жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты. Соның ішінде автобус жолақтарын көбейту маңызды. Сондай-ақ, автотұрақ кеңістігін дамыту ауа сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.
Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Әпсенбетов "ауа мәселесі - өмірлік мәселе" екенін, сондықтан қала билігі ескі көліктердің санын қысқарту бойынша кешенді шараларды шұғыл түрде жүзеге асыруы керек екенін айтты.
Отырыстың қорытындысы бойынша мынадай шаралар ұсынылды:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!