- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Есентай өзеніндегі...
Алматыда Есентай өзеніндегі көпір түнгі мезгілде жабылады
Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзеніндегі көпір түнгі мезгілде жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
"Биыл шілдеде Есентай өзеніндегі көпірдің апатты жағдайына байланысты техникалық сараптама қорытындысы бойынша жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Көпірді жаңғырту жұмыстары аясында беларқалар күшейтіліп, ескілері алынып, 96 жаңа аралық құрылыс плита орнатылды, гидроизоляция жасалып, асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселді.
Ауа райы қолайлы болса, 31 тамыз сағ. 23:00-ден 1 қыркүйек сағ. 06:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеліп, жол жабынының жоғарғы қабаты төселеді", - делінген хабарламада.
Жөндеу аумағын Сейфуллин, Назарбаев, Достық даңғылы, Тимирязев, Жароков, Ерғожин, Розыбакиев және Мұстафин көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Бұл 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан