Алматыда 25 ақпанда сағат 11:00-де "Көктем 2026" республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, тексеріс барысында "Барлығыңыздың назарыңызға!" дабыл сигналы бойынша қала аумағында сиреналар аз уақытқа қосылады.
"Бұл - жоспарлы оқу-жаттығу. "Барлығыңыздың назарыңызға!" сигналы - төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде шұғыл ақпарат таратар алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту белгісі", - деп жазылған хабарламада.
Сигналды естіген жағдайда:
- теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосу;
- ресми интернет ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты тексеру;
- берілетін ақпаратпен және одан әрі әрекет ету жөніндегі нұсқаумен мұқият танысу қажет.
Айта кетейік, 25-26 ақпанда Алматыда "Көктем 2026" республикалық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығу аясында қаланың әр ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазарту бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
"Қазір су тасқыны бақылауда. Қаланың жедел қызметтері қажет шараларды жүргізіп отыр", - деді әкімдік өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова