Алматыда ертең нөсер жаңбыр жауады 

Алматыда ертең нөсер жаңбыр жауады 
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда ертең нөсер жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес Алматы қаласында 16 мамыр кешінен бастап кей жерлерде 20 мм-ге дейін нөсер жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.

"Қаланың коммуналдық қызметтері ауа райының бұзылуына дайын. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,3 мың қап құм дайындалды. Қажет болған жағдайда жұмысшылар мен арнайы техниканың саны ұлғаяды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

15 мамырдағы жағдай бойынша шамамен 865 тонна қоқыс, смета және лай шығарылған. Сонымен қатар, арық желілері тазартылғаны айтылды.

"Ауа райы нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын тауға барудан бас тартуға шақырамыз. Су баспау үшін қала тұрғындарынан арықтарға, каналдарға қоқыс тастамауды сұраймыз. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова