- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ер адамның...
Алматыда ер адамның көзіне металл сынығы кіріп кеткен
Алматыда ер адамның көзіне металл сынығы кіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне көз алмасы жарақаттанған науқас түскен. Оның сөзінше, жарақатты үй жағдайында алған, жиһазға арналған құрылғының металл сынығы көзіне кіріп кеткен.
Офтольмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимованың айтуынша, мұндай жатақат көз алмасының жыртылуына, көз линзасының ығысуына, катаракта, глаукома, көздің шыны тәріздес қабатына қан жиналуы немесе тордың зақымдануына (қан құйылу, ісіну, ажырау) әкеп соғы мүмкін.
Барлық тексерістен кейін дәрігерлер көз ішіне түскен затты шығарып алып, жарақат орнын тіккен.
"Ота сәтті өтті, отадан кейін науқастың көзінің көру қабілеті толықтай сақталды. Көзге кірген артық затты алып тастаған соң науқас көзінің торлы қабатына лазерлік коагуляция жасадық, себебі бұл отадан кейін науқаста көздің көру қабілеті төмендеп кету қаупі болды", - дейді дәрігер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова