Алматы маңында үй жануарына жасалған тағы бір қатыгездік дерегі анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан иттің жүріп бара жатқан көлікке байланғанын, оны сүйреп бара жатқанын көруге болады.
Видео Талғар ауданында, Алатау тасжолында түсірілгені айтылған.
Алматы облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты шара қолданды.
"Күдікті анықталып, Талғар аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін ер адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды", – деп хабарлады полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!