Алматыда ер адам ұлының сыныптасын тұншықтыра жаздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам ұлымен төбелесіп қалған 6 жастағы оқушыны тұншықтыра жаздаған. Бұл туралы оқушының анасы әлеуметтік желіде хабарлаған.
Жазба авторының сөзінше, оқиға мектепте болған. Зардап шеккен бала мен сыныптасы төбелесіп қалған. Оған оқушының анасы да, ұлы да кешірім сұраған.
"Балар мектепте төбелесіп қалатын жағдайлар болады ғой. Ол (ер адам) менің ұлымды ұрмақ болған. Ер адам қоңырау кезінде сыныпқа кіріп, сынып жетекшісі жоқ кезде ұлымды тұншықтыра бастап ұрған", - дейді жәбірленуші баланың анасы.
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Аудандық білім бөлімінің ақпарыны сәйкес директордың орынбасарына, сынып жетекшісіне, күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қабылданғанын хабарлаймыз. Аталған мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің бақылауында. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!