Алматыда тергеу изоляторына есірткіні шәйнектің ішіне салып өткізбек болған күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚАЖД-ға қарасты №72 мекеменің сәлемдемелерді қабылдау-тексеру бөлмесінде 1990 жылы туған ер адамнан шәйнектің ішіне салып өткізбек болған есірткіге ұқсас ұнтақ тәркіленді.
"Күдікті тыйым салынған затты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімі бойынша, яғни бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін Әуезов аудандық сотымен 2 жыл 6 айға сотталған Б. есімді сотталған туысына жеткізбек болған", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бейнетіркегішке тіркелген.
Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!