Алматыда ер адам сүйіктісін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған: тергеу басталды

Алматыда ер адам сүйіктісін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған: тергеу басталды
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Алматыдағы ірі сауда орны орналасқан маңда ер адам сүйіктісін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Полиция осы дерек бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптамалар тағайындалған. Кісі өлтіру мен өз-өзін өлтіру дерегінің мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова