Алматыда ер адам полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын айтқан

Алматыда ер адам полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын айтқан
Фото: Видео кадры

Алматыда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға Алматы қаласындағы аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу жетіп, ғимарат пен оған іргелес аумақты мұқият тексерген. Тексеріс нәтижесінде жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, оқ-дәрілер және өзге де заттар анықталмаған.

Соталды тергеп-тексеру барысында басқарма қызметкерлері осы хабарламаны жеткізген адамды анықтаған. Ол 56 жастағы ер адам болып шықты.

"Ер адам ешқандай жарылғыш зат қоймағанын және ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны қасақана жеткізгенін мойындады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget