Алматыда ер адам пәтерден сейфті ұрлап, троллейбуспен алып кетпек болған (видео)

Алматыда ұрланған сейфті алып қашпақ болған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, пәтер тонаған күдікті ұсталған. Ол сейфті ұрлап, қоғамдық троллейбуспен алып кетпек болған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығына қатысы бар ер адам анықталған.

"Қазір оның өзге де осыған ұқсас оқиғаларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр" - деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз