Алматыда ер адам мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған

Фото: Видео кадры

Алматыда полиция көше қарақшысын ұстады. Ол таңғы уақытта мектепке бара жатқан жасөспірімге шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті оқушыны күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған. Жасөспірімнің анасы полицияға болған оқиға туралы хабарлады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол - Жамбыл облысынан келген 20 жастағы адам.

"Айғақ зат тәркіленді. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Ұсталған адам қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget