Алматыда ер адам қызды тапа-тал түсте соққыға жыққан

Алматыда ер адам қызды тапа-тал түсте соққыға жыққан

Желіде Алматыда қызды аяусыз соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін түстен кейін қала орталығында болған және видеоға түсіп қалған.

Кадрларда ер адам бар күшімен қызды шашынан ұстап тұрғанын көруге болады. Куәгерлер полиция шақырамыз деп қорқытқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz)

Елді шошытқан видеоға қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Алмалы аудандық полиция бөлімі ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ агрессорға бұзақылық жасады деген айып тағылды.

"Мас күйінде болған күдікті ұсталды. Сонымен бірге ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан