- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ер адам...
Алматыда ер адам қызды есінен танғанша соққыға жыққан (видео)
Алматыда ер адам көшеде қызды соққыға жыққан. Есінен танып қалған қыз медициналық көмекке мұқтаж болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.
Instagram желісінде пайда болған видеоға сүйенсек, бұл "Тастақ" базары маңында орналасқан "Асыл" сауда үйіне қарама-қарсы жерде болған.
"Бүгін Төле би көшесінде ер адам бір қызды ұрып жіберді. Ол 25 жаста", - делінген видеода.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, күдікті - 1985 жылы туған С. есімді ер адам. Ол қазір ұсталып, тергеу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
"Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", - деді полицейлер.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова