Әлеуметтік желілерде Алматыда белгісіз ер адамның көпқабатты үйдің терезесінен оқ атқан видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Белгісіз ер адам оқ атқан сәт видеоға түсрілген. Кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр.
Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, дерек бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізіп жатыр.
"Оқиғаға қатысы бар адам міндетті түрде анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!