Алматыда ер адам көп әйел алуды насихаттаған: полиция оны ұстады

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған жазбалары үшін ер адам жауапқа тартылды. Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы контентті анықтап, шара қолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері Қазақстанның заңнамасына және қоғамда қалыптасқан жалпыға ортақ адамгершілік құндылыққа қайшы өмір салты ашық түрде насихатталған жазбаларды анықтаған.

"Авторы кім екені белгілі болды. Оған құқыққа қайшы контентті жариялағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы 3-1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін ер адам әлеуметтік желідегі парақшасынан жарияланған материалдарды өз еркімен өшірді", - деді Алматы ПД өілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!