Алматыда ер адам көлік ұрлап, ішімдік ішіп, рөлге отырған

Алматыда ер адам көлік ұрлап, ішімдік ішіп, рөлге отырған
Фото: ІІМ

Алматы қаласының Бостандық ауданында Тимирязев пен Шашкин көшелері қиылысында Kaiyi маркалы көлік тоқтатылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында жүргізуші масаң күйде екенін көрсететін айқын белгілер анықталған.

"Одан әрі жүргізілген тексеріс нәтижесінде ер адам бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, көлік Наурызбай ауданынан ұрланған көлік ретінде есепте тұрғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Бұл дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалған:

  • көлікті заңсыз иемдену;
  • жүргізуші куәлігінен айырылған адам масаң күйде көлік басқаруы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget