Алматыда ер адам көлігін және өзін өртеп жіберді

Алматыда ер адам көлігін және өзін өртеп жіберді

Алматыда айып тұрағында ер адам өзін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 1 қазан күні Алматы қаласы Түрксіб ауданында болды.

33 жастағы ер адам әуелі көлігін, сосын өзін өртеп жіберген.

"Сағат 13:10-да мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы "Субару" көлігін тоқтатты, оның иесінің 1 млн 300 мың теңге көлемінде төленбеген айыппұлы бар. Тексеру кезінде жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған. Белгіленген ережелерге сәйкес, көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылуы тиіс. Бұл процедураны рәсімдеу кезінде жүргізуші көліктен бензинді шығарып, көлік құралына, сосын өзіне бензин шашып, жағып жіберді. Жақын жерде болған полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін жедел шаралар қабылдады: өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірді, – деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Жүргізуші шұғыл ауруханаға жеткізілді. Көлікті полиция қызметкерлері мен оқиға куәгерлері сөндірген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан