Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық орында беті тұмшаланған бірнеше әйелмен жүрген ер адамның видеосы анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, тексеріс нәтижесінде ролик коммерциялық түсірілім аясында дайындалған қойылым екені белгілі болған.
"Кейбір қатысушылардың әрекетінен қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық белгілері анықталды. Жинақталған материалдар қаралып, кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту түріндегі жаза қолданылды. Сонымен қатар, профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, биыл 2 наурыздан бастап қоғамдық орындарда бетін тұмшалап жүргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова