Алматыда ер адам жиһазға арналған степлермен көзін тесіп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне көз алмасының жарақатымен науқас түскен. Науқастың айтуы бойынша, жарақатты үй жағдайында алған.
Офтольмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимованың айтуынша, бұндай жатақат көз алмасының жыртылуына, көз линзасының ығысуына, катаракта, глаукома, көздің шыны тәріздес қабатына қан жиналуы немесе тордың зақымдалуына (қан құйылу, ісіну, ажырау) әкелуі мүмкін. Қажет болған барлық тексерістен кейін дәрігерлер көз ішіне түскен затты шығарып алып жарақат орнын тігу отасын жасап шықты.
"Ота сәтті өтті, отадан кейін науқастың көзінің көру қабілеті толықтай сақталды. Көзге кірген артық затты алып тастаған соң, біз науқас көзінің торлы қабатына лазерлік коагуляция жасадық, себебі аталған отадан кейін науқаста көздің көру қабілеті төмендеп кету қаупі болды",- дейді дәрігер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз