Алматыда 44 жастағы ер адам электросамокаттан құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға өткен түні Төле би даңғылына жақын Варламов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы тұрғыны электрсамокатты басқара алмай, бордюрге соғылып, құлап кеткен. Салдарынан ол өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алған.
Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем қызметкерлері дереу жеткен. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, ер адамды аман алып қалуға тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам басына қорғаныс дулығасын кимеген және басқа да жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тәртіп сақшылары электрсамокат пайдаланушыларға арналған қауіпсіздік талаптары жай ғана шектеу емес екенін еске салды. Дулыға мен басқа да қорғаныс құралдары ең алдымен адамның өз қауіпсіздігі үшін қажет. Бір сәттік құлау адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, қорғаныс құралдарын қолдану ауыр жарақаттың алдын алуға мүмкіндік береді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz