Алматы қаласы Бостандық ауданы Ерменсай шағынауданында заңсыз салынған көпқабатты таунхаус сот шешімімен бұзылды. Ғимаратты бұзу кезінде таунхаус иесі Мәжіліс депутатымен жанжалдасып, өз-өзін өртеп жіберемін деп қорқытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, жер учаскесінің иесі шаруа қожалығын жүргізу және бау-бақша өсіру мақсатында берілген жерге екі қабатты таунхаус салып, заңды бұзған.
"Сот шешіміне сәйкес бұл нысандарды мәжбүрлеп сүруге тура келді. Сүру барысында меншік иесі өзін-өзі өртемек болып, мемлекеттік сот орындаушысын итеріп, арандатушылық әрекеттерге барды", - деді депутат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова