Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша ер адам 11-қабаттан құлаған.
Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша мән-жай анықталып жатқанын жеткізді.
"Бұл дерекке қатысты Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеді. 26 жастағы азаматтың өліміне не себеп болғаны, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді полицияның баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қыз 18-қабаттан құлап қаза тапқаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова