Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында балаға күш қолданған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға балалар алаңында болған. Тосын жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда ер адам балаларға жақындап келіп, олардың бірін итеріп жібергені көрінеді. Салдарынан бала жарақат алған.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, күдікті - осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны.
"Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға балалардың ойын кезіндегі жанжалы себеп болған. Осыдан кейін ер адам мәселені өз бетінше шешпек болған. Балаға жарақат келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова