- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ер адам...
Алматыда ер адам әйелін тапаншамен өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған
Фото:
Polisia.kz
Алматыда ер адам әйелін тапаншамен өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 31 қаңтарда түнде Алматының Наурызбай ауданында болған.
Алдын ала болжам бойынша, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін тапаншамен өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсаған.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина