Алматыда ер адам автобуста тосын әрекет жасап, қызды шошытқан

Алматыда полицейлер қоғамдық көлікте оғаш әрекет жасаған ер адамның видеосын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тосын оқиғаның видеосы тарап кетті.

"Ер адам №95 автобусқа мініп, кәмелетке толмаған қыздың қасына тұрып, әдепсіз әрекеттерімен оның зәресін алған", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазір тәртіп сақшылары тексеріс жүргізіп жатыр.

"Оқиға болған орын мен уақыт, сондай-ақ, күдікті кім екені анықталып жатыр. Барлық мән-жайы анықталғаннан кейін кінәлі адам жауапқа тартылады", - деді ведомство өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!