Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Әйелдің дауысын қатты шығарып сөйлегеніне наразы болған жолаушы оны ұрып жіберген.
"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.
Алматы қалалық полиция департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін баса айтады.
Әрбір азамат заңдылық пен тәртіптің мүлтіксіз сақталатынына, кез келген заңсыз әрекеттер тиісті құқықтық бағасын алатынына сенімді болуы керек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!