Алматыда полицияға қоғамдық көлікте жолаушыларға қауіп төндіріп, жанжал шығарған ер адам туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жеткен. Алайда ер адам агрессивті әрекетін тоқтатпай, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Полиция қызметкерлері оның құқыққа қайшы әрекетін тоқтатып, пышағын алып, ер адамды полиция басқармасына жеткізген.
"38 жастағы ер адамға екі әкімшілік құқықбұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оған 12 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды", - деді Алматы ПД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!