Алматыдағы автобустардың бірінде егде жастағы ер адамның оғаш қылығы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сескенген жасөспірімдер бұл жағдайды видеоға түсіріп, үйге келген соң туыстарына көрсеткен. Кадрлардан ер адам сөмкені бүркеніп, өз-өзін қанағаттандырғанын көруге болады.
Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Ер адам анықталды, оны ұстау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылданып жатыр", - деді полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова