- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ер адам...
Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалды
Фото:
ia-centr.ru
Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасалды, полиция істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда ер адам мен автобус жүргізушісі арасында жанжал шыққаны, салдарынан жүргізуші зардап шеккені белгілі болды.
"Суық қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар арасында жанжал шыққан, содан кейін олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыс құралы тәркіленді", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ресми мәлімет бойынша, оқиғаның өзге мән-жайы анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан