- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Автобустағы күтпеген оқи
Алматыда ер адам автобус жүргізушісін пышақтап кеткен
Алматыда қоғамдық көліктің бақылаушысына пышақ ала жүгірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының Наурызбай ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің бақылаушысына пышақпен шабуыл жасаған 38 жастағы ер адамды ұстады.
"Қылмыс қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында болды. Қоғамдық көліктің бірінің бақылаушысы өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шекпеу туралы ескерту айтқан, салдарынан ер адамдар арасында жанжал шыққан. Содан кейін өтіп бара жатқан адам автобусқа жүгіріп кіріп, қарсыласын пышақтап кеткен. Жедел жәрдем бригадасы қоғамдық көліктің бақылаушысын шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару - асхана пышағы тәркіленді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина