Алматыда ер адам 11-қабаттан секіріп мерт болды

Алматыда ер адам 11-қабаттан секіріп мерт болды
Фото: Видео кадры

Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғын үй кешендерінің бірінде 37 жастағы ер адам өз пәтерінің 11-қабатынан секіріп кеткен. Оны алғаш болып тұрғын үй кешенінің күзет қызметкері байқап, дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге әрекет жасаған.

"Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері барды. Зардап шеккен адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмды", - деді Алматы ПД өкілі.

Марқұм кім екені анықталған. Ол осы тұрғын үй кешенінде тұрғаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget