- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Miss Qazaqstan
Алматыда еліміздегі ең сұлу ару анықталды: суреттер
Алматыда 5 желтоқсан күні "Miss Qazaqstan-2024" республикалық сұлулық байқауының жеңімпазы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Miss Qazaqstan-2024" байқауында өскемендік 20 жастағы Бағым Балтабаева ең сұлу ару атанды. Бұл туралы байқау ұйымдастырушылары әлеуметтік желідегі парақшада бөлісті.
"Еркелігіме қарамастан, мен өте мақсатыма берік жанмын және мүмкін емес ештеңе жоқ деп сенемін. Бастысы - ниет!", - деп жазды сұлулық байқауының жеңімпазы Бағым Балтабаева Instagram-парақшасында.
сурет: instagram.com/bagyymm
Бағым бос уақытын шығармашылыққа, жаңа нәрсені үйренуге және жақындарымен бірге уақыт өткізуге арнайтынын айтты.
"Мен адам бойындағы мейірімділікті және шынайылықты ерекше бағалаймын", - деп қосты ол.
сурет: instagram.com/bagyymm
Байқауда басқа да номинация иегерлері марапатталды. Олар:
Айдана Әбілқасова, "Вице-Miss Qazaqstan-2024";
Томирис Қадырхан, "Жер аруы";
Дана Алмасова, "Ғалам аруы".
сурет: missqazaqstan.kz
"Мисс Қазақстан" (Қазақстан аруы) - бұл Қазақстандағы ең беделді сұлулық байқауларының бірі. Ол жыл сайын өткізіліп, Қазақстанның ең сұлу, дарынды және жан-жақты қыздарын анықтауға бағытталған. Байқау алғаш рет 1997 жылы ұйымдастырылып, содан бері үздіксіз анықталып келеді.
"Қазақстан аруы" жеңімпаздары халықаралық сұлулық байқауларына, атап айтқанда, "Мисс Әлем" (Miss World) және "Мисс Ғалам" (Miss Universe) байқауларына қатысуға мүмкіндік алады.
Еске салайық, бұған дейін 2023 жылы Қазақстан аруы атағын Сабина Ыдырысова жеңіп алған болатын. Сондай-ақ биыл даулы шешіммен "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы белгілі болған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Литпин