Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінде интим қызмет көрсетілген

Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп келген "БДСМ студиясы" әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғимаратта жыныстық сипаттағы интим қызмет көрсетілген. Жезөкшелікпен айналысқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.

"Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолы кесіледі", - деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!