Полицейлер Алматылықтарға самокатпен жүрудің ережесін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Электр көлігімен велосипед жолдарымен, жол жүру бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен және тротуармен жүруге болады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек ӨКҚ брифингінде айтты.
"Енгізілген өзгерістерге сәйкес, электр самокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен жүреді. Олар болмаған кезде заңмен енгізілетін шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, жол жүру бөлігінің оң жақ шеті бойынша электр самокаттардың жүруіне жол беріледі", - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, электр самокаттардың жүргізушісі кемінде 18 жаста болуы керек, ол бекітілген дулыға және шағылыстыратын киім киюі керек, сондай-ақ кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.
Жол қозғалысы саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, мопед, электросамокат, велосипед жүргізушілеріне:
Өзгерістерге сәйкес, электр самокаттардың жүргізушілері велосипед жолымен қозғалады. Олар болмаған жағдайда заңмен белгіленген шарттар мен тыйым салуларды ескере отырып, электрсамокаттарға жүру бөлігінің оң жақ жиегімен жүруіне рұқсат етіледі.
Ережелердің бірін бұзған жағдайда жүргізушілер екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бұл ҚР ӘҚбК-нің 593 бабы (Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау) және ҚР ӘҚбК-нің 620 бабы (жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін).
Аталған баптардың санкцияларына сәйкес, құқық бұзушыларға 5 АЕК немесе 17 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз