Алматының іргесіндегі тұрғындар сұмдық жайтқа куә болды. Ер адам электр сымының бағанасынан асылып қалған күйінде табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның денесін қасынан өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері байқап қалған.
Оқиға Момышұлы мен Мөңке би көшелері ауданында болған. Видео әлеуметтік желілерде тарады.
Ескерту! Видеоны психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандар қарамағаны жөн.
Қазір полицейлер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
"Алатау аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін 38 жастағы астаналық LRT-да асылып қалған еді. Полиция бұл деректі растап, қылмыстық іс қозғады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!