Алматының Бостандық ауданында электр қосалқы стансасында ірі апат болды. Кейбір тұрғындар жарықсыз отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат "Алатау жарық компаниясы" АҚ сайтында жарияланған.
Картада көрсетілген мәліметке қарағанда, әл-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысында орналасқан үйлерде жарық жоқ.
Апаттың себептері анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!